Accessibility links

"Союз" кемесі ғарыш станциясымен түйіспей қалды


"Союз" кемесінің ғарышқа ұшқан сәті. Байқоңыр, 26 наурыз 2014 жыл.
"Союз" кемесінің ғарышқа ұшқан сәті. Байқоңыр, 26 наурыз 2014 жыл.
Байқоңырдан халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі станциямен бүгін жоспарланған уақытта түйісе алмады.

"Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі 26 наурызға қараған түні ұшырылған еді. Кеме халықаралық ғарыш станциясына Ресейдің екі ғарышкері мен америкалық бір автронавты жеткізуі тиіс болған.

Ресейдің ғарыштық ұшыруларды басқару орталығының хабарлауынша, ғарыш кемесінің станциямен түйісуіне кеменің борт компьютерінен ақау шығып, кемедегі бағыттаушы қозғалтқыштың дер кезінде қосылмай қалуы кедергі келтірген. Енді кеме станциямен 28 наурызда түйісуі тиіс.

"Союз" кемесіндегі ғарышкерлердің жағдайы қазір бірқалыпты, қажетті заттары жеткілікті дейді ғарыштық ұшыруларды басқару орталығы.

Халықаралық ғарыш станциясында қазір жапониялық Коити Ваката, америкалық Рик Мастраккио және ресейлік Михаил Тюрин жұмыс істеп жатыр.
XS
SM
MD
LG