Accessibility links

Обама: Ресей "дөрекі күшпен" табысқа жетпейді


АҚШ президенті Барак Обама. Брюссель, 26 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Брюссель, 26 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Еуропа елдеріне жасаған ресми сапары кезінде негізгі мәлімдемесін жариялап, Украинада "дөрекі күш" қолданғаны үшін Ресейді сынап өтті. Ол АҚШ пен Еуропаның арасындағы одақтастықтың өміршең екенін айтты.

26 наурызда Брюссельде сөйлеген президент Обаманың пайымдауынша, Ресейдің Украинадағы әрекеті жаһандық деңгейде жалпыға сын болды. Ол АҚШ пен Еуропаның Украинаны ықпалында ұстау ниеті жоқ екенін, АҚШ пен НАТО-ның Ресеймен жанжалдасуға ықылассыз екенін жеткізді.

Обама: "Тағы бір қырғи-қабақ соғыс ашайық деп тұрғанымыз жоқ" деді. АҚШ президенті Ресейді Қырымнан шығару енді мүмкін емес екеніне меңзеді. Бірақ АҚШ пен одақтастары бірліктен танбаса, "Ресей халқы қауіпсіздікке, бақуатты өмір мен өздері іздеген мәртебеге қол жеткізе алмайтынын мойындайды" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG