Accessibility links

Атамбаев Назарбаевпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек, тамыз, 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек, тамыз, 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Бұл туралы ақпарат Қазақстан президентінің ресми сайтында жарияланды.

26 наурызда өткен кездесуде президенттер екіжақты қарым-қатынастарды, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылаған.

Қазақстан президентінің айтуынша, 2011 жылдан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 41 пайызға артып, 1 миллиард АҚШ долларынан асқан.

"Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды" деген Назарбаев кездесуде.

Назарбаев пен Атамбаев бұған қоса халықаралық кейбір маңызды мәселелерді, аймақтағы қауіпсіздіктің жай-күйін де сөз еткен.
XS
SM
MD
LG