Accessibility links

Украина АҚШ және НАТО-мен әскери жаттығу өткізбек


Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов.
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов.
Украина президентінің міндетін атқарушы Алексанрд Турчинов 26 наурызда Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін ел парламенті - Жоғарғы Рада депутаттарынан АҚШ-пен біріккен әскери жаттығулар өткізуді мақұлдауды сұрады.

Турчиновтың айтуынша, Украина қарулы күштері биыл жазда АҚШ-пен бірлесіп екі әскери жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Турчинов бұдан өзге депутаттардан НАТО-ға мүше елдер - Польша, Молдова және Румыниямен де биыл бірлескен әскери жаттығулар өткізу жоспарын бекітуді сұрады.

26 наурызда Ресей қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Валерий Герасимов Қырымдағы Украина қарамағында болып келген 193 әскери нысанның барлығы Ресей бақылауына өткенін хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG