Accessibility links

Қырымда ұсталған Украинаның 6 офицері босатылды


Қырымда Ресей әскерилері тұтқындаған Украинаның он бір офицерінің алтауы босатылды. Украина қорғаныс министрлігі өкілінің хабарлауынша, босатылғандар арасында ресейшіл күштер үш апта қоршауға алып, 22 наурызда басып алған Қырымдағы Бельбек әуе базасының офицері Юлий Мамчур бар.

Босатылған офицерлерді қарулы адамдар Украинамен шекарадағы өткізу бекетіне жеткізген. Олардың үшеуі қазір Киевте.

Мамчурдың айтуынша, ресейлік әскерилер оны Украинаға берген антынан бас тартқызуға және Ресей армиясы қатарында қызмет етуге көндірмек болған. Оның сөзіне қарағанда, тұтқында украиналық басқа да офицерлерге де психологиялық қысым жасалған.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов бүгін Киевте босатылған офицерлермен кездесуден үмітті екенін айтады.

Ресей әскерилері соңғы бірнеше аптада Қырымдағы Украина әскери базаларын бірінен соң бірін басып алған.

26 наурызда Ресей қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Валерий Герасимов Қырымдағы Украина қарамағында болып келген 193 әскери нысанның барлығы Ресей бақылауына өткенін хабарлаған.
XS
SM
MD
LG