Accessibility links

Ұшақты іздеу ауа-райына бола тағы тоқтатылды


Австралия әуе күштерінің ұшағы Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде жоғалған ұшақ сынықтарын іздеп жүр. 27 наурыз 2014 жыл.

Австралия әуе күштерінің ұшағы Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде жоғалған ұшақ сынықтарын іздеп жүр. 27 наурыз 2014 жыл.

Malaysia Airlines компаниясының жоғалған жолаушылар ұшағын іздеу жұмыстары ауа-райының қолайсыздығына байланысты тағы да тоқтатылды деп хабарлайды іздестіру шараларын үйлестіріп отырған Австралия үкіметі. Іздеумен айналысып жатқан он бір әскери және азаматтық ұшақтар мен бес кеме Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінен Перт портына қайтып барады.

Осы аптаның басында Франция спутнигі Үнді мұхитының оңтүстігінен жоғалған Boeng 777 ұшағының сынықтарына ұқсас 100-ден астам заттың сұлбасын түсіріп алған еді. Бұдан соң ұшақ бөлшектерін осы ауданнан іздеу басталған. Қазір мұхиттың оңтүстік бөлігінде нөсер жауын мен күшті жел тұрып, су бетінен ештеңе көрсетпей тұрғаны айтылады.

8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.
XS
SM
MD
LG