Accessibility links

Астанада УЕФА конгресі өтіп жатыр


ФИФА президенті Зепп Блаттер УЕФА конгресінде. Астана, 27 наурыз 2014 жыл.

ФИФА президенті Зепп Блаттер УЕФА конгресінде. Астана, 27 наурыз 2014 жыл.

Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) Астанада өтіп жатқан кезекті XXXVIII конгресіне ФИФА президенті Зепп Блаттер, УЕФА президентi Мишель Платини, Қазақстан премьер-министрi Серiк Ахметов, УЕФА ұйымына мүше 54 елдің өкілдері қатысып жатыр.

Конгресс барысында УЕФА ұйымға мүше елдердің құрамалары арасында жаңа турнир ұйымдастыру туралы шешім шығарды. 2018 жылдан бастап УЕФА-ға мүше елдер арасында «Ұлттар кубогы» атты жаңа жарыс өтеді. Турнирге 54 ел қатысады. Жеңіске жеткен төрт команда 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Бұған қоса конгресс барысында УЕФА-ның атқару комитеті 2012-2013 жылдардағы футбол маусымын қорытындылап, 2014-2015 жылдардағы футбол маусымының бюджетін қабылдады.

Қазақстан ТМД елдері ішінен бірінші болып УЕФА конгресін өткізіп отыр.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG