Accessibility links

АҚШ конгресі Украинаға көмек беруді мақұлдады


АҚШ конгресінің ғимараты. (Көрнекі сурет)

АҚШ конгресінің ғимараты. (Көрнекі сурет)

АҚШ конгресі Украинаға көмек көрсету және Қырымды аннексиялап алғаны үшін Ресейге қарсы санкциялар салатын заң жобасын көпшілік дауыспен мақұлдады.

Сенат пен конгресс Қырымға қатысты жобаның екі түрлі нұсқасын қабылдады. Енді екі құжат біріктіріліп, президент Барак Обаманың қол қоюына жіберіледі.

Екі заң жобасы да Киевке бір миллиард АҚШ доллары көлемінде несие бөлуді және Украинадағы үкіметке қарсы шерулерге қатысушылардың құқықтарының бұзылуына жауапты адамдарға және осы елдегі коррупцияға қатысы бар ресейлік шенеуніктерге қарсы санкциялар салуды көздейді.

27 наурызда Халықаралық валюта қоры Украинаға 18 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беруге дайын екенін мәлімдеген. Несиені алу үшін Украина экономикалық реформалар жүргізуі тиіс.
XS
SM
MD
LG