Accessibility links

Назарбаев пен Путин телефонмен сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені туралы ақпарат наурыздың 27-і күні президенттің ресми akorda.kz сайтында жарияланды.

Ресми хабарда Назарбаев пен Путин екі ел Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының басым бағыттарын, сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылағаны айтылған. Президенттер Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысын да сөз еткен.

"Назарбаев пен Путин екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара толық түсіністік барын атап өтті" дейді президенттің баспасөз қызметі.

Назарбаев пен Путин наурыз айында телефон арқылы бірнеше рет сөйлескен.
XS
SM
MD
LG