Accessibility links

"Союз" ғарыш станциясымен түйісті


"Союз" кемесінің ғарышқа ұшқан сәті. Байқоңыр, 26 наурыз 2014 жыл.

"Союз" кемесінің ғарышқа ұшқан сәті. Байқоңыр, 26 наурыз 2014 жыл.

Байқоңырдан 26 наурызда ғарышқа ұшырылған "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі бүгін халықаралық ғарыш станциясымен түйісті.

Ғарыш кемесі халықаралық станцияға ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов пен Олег Артемьевті және америкалық астронавт Стивен Свонсонды жеткізген.

"Союз ТМА-12М" кемесі станциямен 23 наурыз күні түйісуі тиіс еді. Бірақ кеме бортындағы компьютерде техникалық ақау шығуына байланысты түйісу екі күн кейінге шегерілген.

Халықаралық ғарыш станциясында жаңа үш ғарышкерден өзге жапониялық Коити Ваката, америкалық Рик Мастраккио және ресейлік Михаил Тюрин жұмыс істеп жатыр.
XS
SM
MD
LG