Accessibility links

Батыс Қазақстанға Ресей зымыраны құлады


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Шоңғай ауылының маңына 27 наурызға қараған түні Ресейдің Капустин Яр полигонынан ұшырылған метеорологиялық "МН-300" зымыраны құлады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, зымыран 27 наурызға қараған түні жергілікті уақытпен сағат 01.00 шамасында құлаған. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Зымыранның ұзындығы 7 метр, ені 45 сантиметрді құрайды.

Былтыр жазда ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бергенде апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан «Протон-М» зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған.
XS
SM
MD
LG