Accessibility links

Microsoft iPad-қа арналған Office нұсқасын жасады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ-тың Microsoft корпорациясы Microsoft Office бағдарламаларының (Word, Excel, PowerPoint) Apple компаниясының планшеттеріне арналған қосымшасын жасап ұсынды.

Биыл ақпанда Microsoft компаниясының жаңа атқарушы директоры болып тағайындалған Сатья Наделланың айтуынша, қосымшалар Apple планшеттеріне тегін жүктеледі және сенсор арқылы басқарылады.

Планшеттерге арналған қосымшалар шыға сала бірер сағатта Apple-дің ең көп жүктелген қосымшаларына айналды.

Microsoft Word, Excel және PowerPoint қосымшалары арқылы мәтінмен, электронды кестелермен, мәліметтер базасымен жұмыс істеуге болады.

Бұған дейін Microsoft корпорациясы 2013 жылдың соңына шейін сатылған Apple планшеттеріне арналған қосымшаларды ертерек шығармады деп сынға ұшыраған еді.
XS
SM
MD
LG