Accessibility links

Обама Сауд Арабиясы королімен келіссөз жүргізді


АҚШ президенті Барак Обама мен Сауд Арабиясы королі Абдалла бен Абдел Азиз Әл Сауд. Эр-Рияд, 28 наурыз 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен Сауд Арабиясы королі Абдалла бен Абдел Азиз Әл Сауд. Эр-Рияд, 28 наурыз 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен Сауд Арабиясы королі Абдалла бен Абдел Азиз Әл Сауд жұма күні Эр-Риядта кездесіп, екі елдің стратегиялық одақтас екенін тағы бір мәрте мәлімдеді. Олардың айтуларынша, АҚШ пен Сауд Арабиясы арасында кейбір халықаралық мәселелер бойынша "тактикалық айырмашылықтар" ғана бар. Алайда бұл одақтастыққа кедергі емес.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Агенттік дереккөзінің мәліметіне қарағанда, екі ел басшылары келіссөз кезінде көбінесе Сирия мәселесін талқылаған.

Мұның алдында Associated Press агенттігі АҚШ үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Обама әкімшілігі Сирия оппозициясына зениттік зымыран құрылғыларын беруге салынған тыйымды алып тастау мүмкіндіктерін қарастыратынын хабарлаған. Агенттік ақпараты бойынша, Сауд Арабиясы АҚШ-тың бұл жоспарын қолдайды.

Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде "АҚШ пен Сауд Арабиясының Сирия қақтығысы, терроризммен күрес, Таяу Шығыстағы келіссөздерді жүргізу сияқты бірқанша мәселелер бойынша бірлескен жұмыстарын жалғастыра беретіні" айтылған. Мәлемдемеде "екі елдің де Иранның ядролық қару жасауына қарсы екені" ескертілген.
XS
SM
MD
LG