Accessibility links

ЕҚЫҰ тобы Украина президентімен кездесті


Украинаның уақытша президенті Александр Турчинов.

Украинаның уақытша президенті Александр Турчинов.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) делегациясы Украинаның уақытша президенті Александр Турчиновпен болашақта өтетін президент сайлауын талқылады.

Турчиновпен 28 наурыз күні кездескен делегацияны Украинадағы ЕҚЫҰ миссиясының үйлестірушісі, португалиялық депутат Жоао Соареш бастап барған.

Соареш Турчиновтің "әділ әрі демократиялық сайлау өткізу үшін қолдан келгеннің барлығы жасалатынын" мәлімдегенін айтты.

Соареш "әділ сайлау Украинадағы қазіргі дағдарысты сынаушыларға берілген ең тиімді жауап болар еді" дейді.

Украина президенті сайлауы 25 мамырға белгіленген. ЕҚЫҰ сайлауға дейін бірнеше делегация жіберетінін хабарлаған. Ұйым "Украина сайлауына ЕҚЫҰ тарихындағы ең көп бақылаушы жіберілетінін" айтты.
XS
SM
MD
LG