Accessibility links

Словакиядағы сайлаудың екінші туры басталды


Словакия премьер-министрі Роберт Фицо.
Словакия премьер-министрі Роберт Фицо.
29 наурыз күні Словакия президенті сайлауының екінші туры өтеді. Бірінші айналымнан елдің қазіргі премьер-министрі Роберт Фицо мен бизнесмен Андрей Киска өткен.

Бірінші тур 15 наурызда болған еді. Фицоны сайлаушылардың 28 пайызы қолдаса, Кискаға 24 пайызы дауыс берген. Егер Фицо жеңсе, президент, парламент және үкімет бір ғана партия - социал-демократтар бақылауына өтеді деген сөз.

Словакия президенті кім болатыны түнде белгілі болмақ. 5 миллионнан астам халқы бар Словакия 2004 жылы Еуропа Одағына қабылданған.
XS
SM
MD
LG