Accessibility links

Қырым татарларының шұғыл құрылтайы басталды


Қырым татарлары отбасы. Симферополь, 17 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қырым татарлары отбасы. Симферополь, 17 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қырымның Бахчисарай қаласында татар халқының кезектен тыс құрылтайы ашылды. "Украинская правда" басылымының ақпаратына қарағанда, құрылтайға қатысушылар Қырымдағы татар халқының мәртебесін анықтау туралы қаулы жобасын талқылайды.

Қырым татарлары меджлисінің төрағасы Рефат Чубаров Қырымдағы татар халқының ұлттық-аумақтық автономиясын құру процедурасының басталғанын хабарлады. Басылымның жазуынша, меджлистің бұрынғы төрағасы Мустафа Джемилев "құрылтайда Қырым мәртебесін анықтау туралы референдум өткізу мәселесі қаралмақ" деген.

Қырымда 16 наурыз күні Ресей өткізген референдумда дауыс берушілердің көбі (ресми мәлімет - ред.) түбектің Ресейге қосылуын қолдаған. Киев референдумды "заңсыз" дейді. Украина Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG