Accessibility links

Қырым Мәскеу уақытына ауысты


Севастополь портындағы ресейлік әскери кемелер. (Көрнекі сурет)

Севастополь портындағы ресейлік әскери кемелер. (Көрнекі сурет)

Ресей өзіне қосып алған Қырым өткен түннен бастап Мәскеу уақытына ауысты – бұрынғыдан екі сағатқа алға жылжытылды.

Қырымның ресейшіл билігі уақыттың өзгеруіне байланысты қиындықтар тумауы тиіс деп отыр. Қырым вице-премьері Рүстем Темиргалиев жергілікті кәсіпорындар жаңа уақытқа өтуге алдын ала дайындалып, сәйкессіздік болмас үшін барлығы жұмыс кестесін келісіп белгілегенін айтады.

«Мәскеу уақытына ауысудың Қырым экономикасы үшін ешқандай кері әсері болмайды» деген Темиргалиев «Интерфакс» агенттігіне.
XS
SM
MD
LG