Accessibility links

«Барыс» жартылай финалға өтпеді


«Барыс» хоккей командасының ойыншылары. Астана, 15 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Барыс» хоккей командасының ойыншылары. Астана, 15 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Шайбалы хоккейден Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ширек финалында жеңілді.

«Барыс» бұл турнирдің плей-офф кезеңіне шыққанға дейін 54 матч өткізіп, оның 32-інде бәсекелестерін жеңген еді. Ал 1/8 финалда Екатеринбургтің «Автомобилист» клубымен төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Ширек финалда Уфаның «Салават Юлаев» командасымен алты рет кездескен Астана хоккейшілері төрт матчта ұтылып, тек екі ойында ғана басымдық танытты. Төрт кездесуде жеңіске жеткен «Салават Юлаев» жартылай финалға өтті.

1999 жылы құрылған «Барыс» хоккей командасы 2008 жылдан бері ҚХЛ-да ойнап, бес рет 1/8 финалға дейін ғана жеткен. Биыл «Барыс» ҚХЛ-дың ширек финалына алғаш рет шыққан еді.

ҚХЛ жарысына 28 хоккей клубы (Қазақстан, Беларусь, Украина, Латвия, Словакия, Хорватия, Чехиядан – бір-бір клуб, өзгесі – Ресейдікі) қатысады. Командалар әуелі екі айналым бойынша бір-бірімен ойнап шығады. Кейін көп ұпай жинаған 16 клуб плей-офф кезеңіне өтеді. Бұл лиганың басты жүлдесі – Гагарин кубогын «Ақ барс» (Татарстан) пен «Динамо» (Москва) екі реттен, «Салават Юлаев» (Уфа) бір рет ұтқан.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG