Accessibility links

Турчинов Лукашенкомен кездесті


Беларусь картасы. (Көрнекі сурет)

Беларусь картасы. (Көрнекі сурет)

29 наурызда Беларусь президенті Александар Лукашенко Гомель облысындағы «Лясиковичи» резиденциясында Украина президентінің міндетін атқарушы, Жоғарғы рада төрағасы Александр Турчиновпен кездескен.

Үш сағатқа созылған келіссөздерден қортындысы бойынша Турчинов «үшінші бір тараптың Беларусь аумағынан Украинаға ешқашан қауіп төндірмейтіндігінің өте маңызды» екендігін мәлімдеген.

«Украина мен Беларусь жай көрші ғана емес, жүздеген жылдар бойы бір бірімен иық тіресе еңбек етіп, соғысқа бірге қатысып, бірге өмір сүріп жатқан бауырлас халықтар» деп мәлімдеген Турчинов.

Лукашенко «Беларусьтің төңірегіндегі тату көршілік белдігі Украинаның ішіне қарай 100 шақырым жерді қамтитынын» айтқан.

«Біздің шекарамыз – араны бөлетін емес, достық шекарасы. Сіздер бұл жерден беларустар тарапынан қандай бір өзге пиғылдар болады деп ешқашан ойламаңыздар. Бізге де, сіздерге де ондайдың қажеті жоқ. Біз әрқашан сіздерге ең жақын және дос мемлекет болып қаламыз және қарым-қатынасты да осының негізінде өрбітеміз. Бұны мықтап ойға түйлеріңіз керек» деп сендірген Беларусь президенті.

Осы аптада Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 100 мемлекет «Украинаның территориялық тұтастығы» туралы қарарды қолдап дауыс беріп, 58 мемлекет қалыс қалды. Ал Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын осы қарарға қарсылық білдірген 11 елдің арасында Беларусь та бар еді.
XS
SM
MD
LG