Accessibility links

Қырым татарлары автономия туралы қаулы қабылдады


Қырымдағы татар халқының кезектен тыс құрылтайы. Бахчисарай қаласы, 29 наурыз 2014 жыл.

Қырымдағы татар халқының кезектен тыс құрылтайы. Бахчисарай қаласы, 29 наурыз 2014 жыл.

Сенбі күні Бахчисарай қаласында өткен татар халқының кезектен тыс құрылтайына қатысушылар «татар халқының өз тарихи атамекені – Қырымда өзін-өзі билеу құқығын жүзеге асыру туралы» қаулы қабылдады.

Құжатта Қырымдағы татар халқының өз тарихи отанында «ұлттық және территориялық автономия құру бойынша саяси және құқықтық процедураларды бастау» жайлы айтылған.

Сонымен бірге құрылтай Қырымдағы татар халқының ұлттық және территориялық автономия түрінде өзін өзі билеу құқығын қолдауға шақырып Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропа кеңесіне, Еуропа одағына, Ислам елдері ынтымақтастығы ұйымына үндеу жасаған.

16 наурызда Қырымда автономияның Ресейге қосылуын дауысқа салған референдумде, ресми мәлімет бойынша, дауыс бергендердің 93 пайызы Қырымның Ресейге қосылуын жақтаған.

18 наурызда Ресей президенті Владимир Путин референдумның «демократияға және халықаралық құқық нормаларына сай» екенін мәлімдеп, Қырымды Ресейге қосу туралы келісімге қол қойған. Украина Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамайтынын мәлімдеген.

27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдаған.
XS
SM
MD
LG