Accessibility links

Пхеньян ядролық сынақ жайлы мәлімдеме жасады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Солтүстік Корея билігі жаңадан ядролық қару сынақтарын өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтыны туралы сыртқы істер мекемесінің мәлімдемесін бүгін осы елдің мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Сәрсенбі күні Пхеньянның орта қашықтыққа ұшатын екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуі халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын күшейтті. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Корея бұндай сынақтар жасамау туралы қарарды бұзды деп айыптады.

Өз кезегінде Пхеньян АҚШ президенті Барак Обаманың осы аптада Гаагада Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің басшыларымен кездесуін жағымсыз жайт ретінде қабылдаған.
XS
SM
MD
LG