Accessibility links

Киев Майданында құрбандарды еске алды


Майдан құрбандарын еске алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

ВИДЕО: Майдан құрбандарын еске алу. Киев, 30 наурыз 2014 жыл.

Бүгін Киевтегі Тәуелсіздік алаңында (Майдан Незалежности) украин шіркеулерінің қатысуымен мінәжат жиыны өтіп жатыр деп хабарлады «Майдан» жалпыукраиндық бірлестігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «УНИАН» агенттігі.

Украина астанасында ақпанның 18-20 күндері болған қайғылы оқиғаларға қырық күн толды. Сол күндері Киевте жағдай күрт шиеленісіп, үкіметке наразы шерушілер мен полиция күштері арасындағы қақтығыстар салдарынан ондаған адам мерт болған еді. Украинаның жаңа билігі президент қызметінен тайдырылған Виктор Януковичке тағып отырған айыптардың арасында Киевтегі жаппай наразылық акциясына қатысушыларды «әдейі өлтіруді ұйымдастырған» деген айып та бар.

Ресейлік «Первый канал» телеарнасының «Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров украин оппозициясының наразылық акцияларына атсалысқан «Оңшыл сектор» ұлтшылдар қозғалысы мүшелерінің Киевтегі снайперлік қарудан оқ ату оқиғасына қатысы болғаны туралы Мәскеудің қолында деректер барын мәлімдеген.

«Мен 100 пайыз деп айта алмаймын, бірақ солай болғанына меңзейтін өте көп фактілер бар» деген Лавров.

Қырымдағы саясаты үшін Ресейге АҚШ пен Еуропа одағының салған санкциялары туралы сөзінде Лавров Мәскеу Батыстың шешімдеріне немқұрайдылықпен де қарамайтынын, бірақ одан соншалықты қайғы да жасамайтынын айтқан. «Біздің басымызда бұдан да ауыр уақыттар болған» деген ол.
XS
SM
MD
LG