Accessibility links

Ердоған партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған (ортада) сайлауда өз партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеп тұр. Анкара, 30 наурыз 2014 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған (ортада) сайлауда өз партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеп тұр. Анкара, 30 наурыз 2014 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бірқатар қала басшылары мен жергілікті билік орындарына сайлауда өзінің "Әділет және даму" партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеді.

30 наурызда өткен сайлаудың алдын-ала қорытындылары бойынша, "Әділет және даму" партиясы берілген дауыстың 46 пайызға жуығына ие болған. Ал оппозициялық Республикалық халықтық партия 23-28 пайыз аралығында дауыс жинаған.

"Әділет және даму" партиясы кеңсесінен мыңдаған жақтастарына арнап сөйлеген Ердоған сайлау науқанында өзін "коррупцияға қатысы бар деп айыптап, мемлекеттік құпияны әшкерелегендердің аузына құм құятынын" мәлімдеді.

Ердоған АҚШ-та тұрып жатқан исламшыл діндар, бұрынғы серігін құқық қорғау орындарындағы жақтастарын пайдаланып, өзіне қарсы "коррупциялық жанжал ұйымдастырмақ болды" деп айыптады.

Сарапшылар бұл жолғы сайлау биыл ірі коррупциялық жанжалға іліккен биліктегі «Әділет және даму» партиясына азаматтардың сенімі қандай екенін көрсетеді деген еді. Түркияның жоғары лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс пайдалануына меңзейтін аудиожазбаларға сілтемелер интернетте жарияланған соң премьер-министр Режеп Тайып Ердоған Түркияда Twitter әлеуметтік желісін бұғаулау туралы мәлімдеген.

Түркия үкіметін 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан Ердоған бұдан бұрын 30 наурызда жергілікті сайлау өткен соң үкімет Facebook пен YouTube желілерін жабатынын да айтқан еді.

Түркия билігінің интернетке шектеу қолдануына халықаралық деңгейде сын айтылды.
XS
SM
MD
LG