Accessibility links

Қарағанды облысында тасқыннан 4 адам мерт болды


Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Қарағанды облысының Көкпекті ауылында су тасқынынан 4 адам қаза болған деп хабарлады бүгін Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің ақпараты бойынша, 30 наурыз күні сағат 18.30-дан бастап Көкпекті су қоймасына су мөлшерден артық тола бастаған. Қойма шлюзі суды қажетті мөлшерде сыртқа өткізіп үлгермегендіктен, су бөгеннің ернеуінен асып төгіле бастаған. Қойма бөгенін су бұзып кету қаупі туған соң Көкпекті өзені бойындағы Көкпекті ауылындағы 70 үй мен Сортировка ауылындағы 30 үйінен - жиыны 360-қа тарта тұрғын басқа жаққа көшіріле бастаған.

Көкпекті мен одан ары Нұра өзенінің бойындағы барлық ауылдарға да басқа жаққа көшу туралы хабар берілген.

31 наурызға қараған түні сағат 01.30 шамасында қойманың бөгені шайылып, Көкпекті ауылындағы 810 үйдің 100 шақтысын су басқан. Министрліктің хабарлауынша, құтқарушылар Көкпекті ауылында 125 адамды қауіпсіз жерге алып шыққан. Құтқару жұмыстары кезінде 4 адамның жансыз денесі табылған.

Қазір ауылда төтенше оқиға салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG