Accessibility links

Швейцария Ходорковскийді уақытша паналатты


Ресейлік бұрынғы олигарх Михаил Ходорковский.
Ресейлік бұрынғы олигарх Михаил Ходорковский.
Швейцария ресейлік бұрынғы олигарх Михаил Ходорковскийге бір жыл уақытша тұруға рұқсат берді.

Швейцария миграциялық полициясының өкілі Мартин Рейхлиннің айтуынша, Ходорковский Швейцарияда тұруды жоспарламаса да, елде тұруға рұқсат оған "қоғамдық мүдде" негізінде берілген.

Санкт-Галлен кантоны басшылығы Ходорковскийге рұқсатты оның Швейцарияда тұрғаны үшін "ел бюджетіне құятын салығын ескеріп" бергенін айтады.

Михаил Ходорковскийдің Швейцарияда тұру рұқсатын мерзімі өткеннен кейін ұзартуға құқығы бар.

Ресейде "қаржы жымқырды және алаяқтық жасады" деген айыппен он жылдан астам уақыт түрмеде отырып, 2013 жылы желтоқсанда президент Владимир Путиннің рақымшылығымен босап шыққан Михаил Ходорковский қазір Швейцарияда тұрып жатыр.

Швейцария Қырымды аннексиялап алғаны үшін өткен аптада Ресейге қарсы санкциялар салған.
XS
SM
MD
LG