Accessibility links

Грузияда оппозицияшыл депутат соққыға жығылды


Грузияның оппозициялық "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясының депутаты Нугзар Циклаури.
Грузияның оппозициялық "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясының депутаты Нугзар Циклаури.
Грузия парламентіндегі оппозицияшыл депутаттардың бірі Нугзар Циклауриді 31 наурызға қараған түні үйінің маңында белгісіз біреулер соққыға жығып кетті.

Ол биліктегі коалицияның Ресейге қатысты ұстанған саясатын қатаң сынап жүрген. Грузия экс-президенті Михаил Саакашвилидің "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы депутатқа "шабуыл жасауды ұйымдастырды" деп билікті айыптады.

Депутат Нугзар Циклаури журналистерге түнде үйіне оралған кезде подъезінің алдында өзін үш көлікпен келген жеті-сегіз адам күтіп алғанын айтты.

"Мені көлікке күштеп отырғызбақ болды. Қарсылық көрсеткенімде электрошок қолданып, соққыға жықты" деді Циклаури.

Депутатты белгісіз адамдардан көршілері арашалап алып, ауруханаға апарған. "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясының жетекшілері ауруханаға бірден жиналды.

Оппозициялық партия жетекшілері шабуылды биліктен көріп, егер іс таяу арада ашылмаса, оппозиция парламент отырысына бойкот жариялау мәселесін қарастыратынын ескертті.
XS
SM
MD
LG