Accessibility links

Ресей зымыраны құлауына қатысты іс қозғалмайды


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысы аумағына Ресей зымыранының құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалмайды деп хабарлады Бөкейордасы аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Қайрат Гайсинге сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Ресей жағы зымыранның ұшу тапсырмасынан ауытқып кеткен метеорологиялық зымыран екені туралы барлық құжаттарын көрсетті. Ауданнан құрылған 10 адамдық комиссия зымыранның құлауынан мемлекетке де, аудан тұрғындарына да зардап келмегені туралы хаттама толтырды. Оқиғада қылмыстық құрам жоқ болғандықтан, іс қозғалмайды" деген Гайсин.

27 наурызға қараған түні облыстың Бөкейордасы ауданының Шоңғай ауылының маңына Ресейдің Капустин Яр полигонынан ұшырылған МН-300 метеорологиялық зымыраны құлаған еді. Қазақстан қорғаныс министрлігі Ресей зымыранды былтыр жасалған келісім бойынша ұшырғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG