Accessibility links

Қырымға Ресей премьері барды


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев бүгін Twitter-дегі парақшасында сапармен Симферопольде жүргенін хабарлады. Медведев - Ресей Қырымды құрамына қосып алғаннан кейін бұл аймаққа алғаш рет барып отыр.

Медведевтің айтуынша, ол бүгін Қырым басшылығымен аймақты дамыту мәселелерін талқыламақ.

Ресейлік ақпарат құралдары Қырымға Дмитрий Медведев пен вице-премьерлер және министрлер бастаған делегацияның аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы жиын өткізетінін хабарлаған.

Өткен аптада Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қырымда болған еді.

Ресейдің Қырымды қосып алуын БҰҰ Бас Ассамблеясы, Еуропа Одағы және АҚШ халықаралық құқыққа қайшы және заңсыз деп таныған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 30 наурызда Парижде Украина мәселесін талқылаған.
XS
SM
MD
LG