Accessibility links

Қытай Пхеньян мен Сеулді ұстамдылыққа шақырды


Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзедунның үлкен суреті ілінген Тяньаньмэнь алаңында мемлекеттік туды көтеріп жатқан адам. Пекин, 4 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзедунның үлкен суреті ілінген Тяньаньмэнь алаңында мемлекеттік туды көтеріп жатқан адам. Пекин, 4 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытай Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен даулы теңіз суларына жақын маңда әскери жаттығу өткізіп жүріп артиллериядан оқ жаудырған оқиғадан соң екі тарапты Корей түбегінде ұстамдылық пен сабырлылық танытуға шақырды.

Артиллериядан атылған оқ өз бақылауындағы суға түскен соң Оңтүстік Корея да Солтүстік Кореямен шекараға қарата оқ атқан.

Оңтүстік Кореяның атыс болған аймағының тұрғындары төтенше оқиғадан соң басқа жаққа көшірілгендерін айтады.

Пхеньян бұған дейін теңіздегі шекараға жақын маңда әскери жаттығу өткізетінін және жаңа ядролық сынақ жасайтынын хабарлаған.

Солтүстік Корея өткен аптада орта қашықтыққа ұшатын екі баллистикалық зымыранын сынаған еді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның бұл әрекетін ұйым қарарына қайшы келеді деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG