Accessibility links

Қырым конституциясы 10 сәуірге дейін қабылданбақ


Севастопольдегі драма театр үстінде тұрған Ресей туы. Қырым, 28 наурыз 2014 жыл.
Севастопольдегі драма театр үстінде тұрған Ресей туы. Қырым, 28 наурыз 2014 жыл.
Ресей құрамына қосылған Қырымның жаңа конституциясы 10 сәуірге дейін қабылдануы мүмкін. Қырым мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-спикері Григорий Иоффе ресейлік "Коммерсант" газетіне берген сұхбатында конституцияны қабылдау үшін референдум болмайтынын, оны аймақ парламенті бекітетінін айтты.
"Конституцияны халықтың талқысына салу, меніңше, жалған демократия болып кетеді" деген ол.

Қырымның жаңа конституциясы бойынша, аймақты Ресей президентінің ұсынысы арқылы парламент бекіткен адам басқармақ.

Ресей Қырымды 16 наурызда өткен референдумға сүйеніп құрамына қосып алған. Халықаралық қауымдастық Қырымның Ресейге қосылуын халықаралық құқыққа қайшы және заңсыз деп таныған.
XS
SM
MD
LG