Accessibility links

Су тасқыны құрбандарының аты-жөндері жарияланды


Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы су тасқыны салдары. 31 наурыз 2014 жыл. Сурет bnews.kz ақпараттық агенттігінің Твиттер акаунтынан алынды.

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы су тасқыны салдары. 31 наурыз 2014 жыл. Сурет bnews.kz ақпараттық агенттігінің Твиттер акаунтынан алынды.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін үкімет отырысында Қарағанды облысының Көкпекті ауылында болған су тасқынынан қаза тапқан бес адамның аты-жөнін жариялады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

"Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 1924 жылы туған азамат Ноғаевтың, 1926 жылы туған Нагибинаның, 1942 жылы туған Ромашенконың, 1963 жылы туған Ноғаеваның және 1979 жылы туған Скибицкийдің денелері табылды" деді Владимир Божко. Оның айтуынша, 26 адам медициналық көмек сұрап, олардың алтауы ауруханаға жатқызылған.

Министрдің сөзіне қарағанда, апаттан 149 үй су астында қалған. Су деңгейі ауылдың кей жерлерінде 2 метрге дейін көтерілген. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, 15 үй жартылай қирап, ондаған мал қырылған.

Владимир Божко бұған қоса Ақмола және Қарағанды облыстарында қар жаппай еріп жатқандықтан су жүргенін айтып, "күрделі жағдай қалыптасқанын" ескерткен.

31 наурызға қараған түні Қарағанды облысы аумағындағы Көкпекті су қоймасының бөгеті жарылып, сол маңдағы Көкпекті ауылының ондаған үйін су басқан еді.
XS
SM
MD
LG