Accessibility links

Ресей Украинаға сататын газын қымбаттатады


"Газпром" компаниясының белгісі. Көрнекі сурет.

"Газпром" компаниясының белгісі. Көрнекі сурет.

Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясы бүгін келесі тоқсаннан бастап Украинаға сататын газының әр текше метрі үшін төленетін бағаны бұрынғы 268.5 АҚШ долларынан 385.5 АҚШ долларына қымбаттататынын хабарлады.

"Газпромның" бас атқарушы директоры Алексей Миллер МәскеудеУкраинаның Ресей газы үшін төлейтін қарызы 1.7 миллиард АҚШ долларына жеткенін айтты.

Өткен жылы желтоқсан айында, Украинада саяси дағдарыс басталмай тұрып сол кездегі президент Виктор Янукович Ресей президенті Владимир Путинмен Ресей газын арзан бағамен сатып алу туралы келісім жасасқан еді. "Газпромның" бүгінгі шешімі ол келісімнің күшін жоймақ.
XS
SM
MD
LG