Accessibility links

Киевте "Оңшыл сектор" мүшелері қаруларын тапсырды


Ұлтшыл "Оңшыл сектор" ұйымының мүшелері ұйым штаб-пәтерін тастап кетіп жатыр. Киев, 1 сәуір 2014 жыл.

Ұлтшыл "Оңшыл сектор" ұйымының мүшелері ұйым штаб-пәтерін тастап кетіп жатыр. Киев, 1 сәуір 2014 жыл.

Киевте ұлтшыл "Оңшыл сектор" ұйымының белсенділері қаруларын тапсырып, "Днепр" қонақүйін тастап шықты деп хабарлады бүгін Украина ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Арсен Аваков Facebook-тегі парақшасында.

Ұйым белсенділері автобустарға отырғызылып, қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің көмегімен қала сыртындағы базалардың біріне кетіп қалған.

31 наурыз күні кешке "Оңшыл сектор" ұйымы мүшелерінің бірі Киевтің орталығында оқ атып, үш адам жараланған еді. Бұдан соң өткен түні милиция мен Майданның "өзін-өзі қорғау отрядының" мүшелері "Оңшыл сектордың" штаб-пәтері орналасқан "Днепр" қонақүйін қоршауға алған. жараланғандардың бірі ауыр халде ауруханаға түсті. Оқ атқан адам ұсталып, тергеліп жатыр.

"Оңшыл сектор" ұйымы атыс тұрмыстық кикілжіңнен шыққанын мәлімдеп, тергеу барысын бақылап отыруға уәде берді.
XS
SM
MD
LG