Accessibility links

Қазақ министрі мен АҚШ дипломаты кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвал.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвал.
1 сәуірде Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвал кездесті.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың келешегін, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Барак Обаманың Гаагадағы кездесуінің нәтижесін талқылаған.

Олар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті бұдан ары кеңейту және тереңдету қажет деген ұйғарым жасаған.

Ыдырысов пен Бисвал бұған қоса халықаралық саясат пен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, оның ішінде Украинадағы жағдайды да сөз еткен.

Ниша Десаи Бисвал ертең Алматыға барады.
XS
SM
MD
LG