Accessibility links

Жоғарғы рада НАТО-мен жаттығуды қолдады


Украина әскері. Киев маңы. (Көрнекі сурет).

Украина әскері. Киев маңы. (Көрнекі сурет).

1 сәуірде Украина парламенті - Жоғарғы Рада НАТО-ға мүше елдермен бірлескен әскери жаттығулар өткізу туралы құжатты мақұлдады. Құжатты қолдап 535 депутат дауыс берді.

Әскери жаттығулар мамыр мен қараша айлары аралығында Украинаның оңтүстігі мен батысында өткізілмек.

Бүгін Ресей Федерация кеңесі де Украинамен Қара теңіз флоты туралы бұрынырақта жасасқан келісімін бұзуды қолдап дауыс берген.

2010 жылы Ресей мен Украина Севастополь қаласындағы Ресейдің әскери-теңіз флотының орналасу мерзімін 2042 жылға дейін ұзарту туралы келісім жасасқан еді. Ресей ол келісім бойынша Украинаға жылына 98 миллион АҚШ долларын төлеп, газды арзан бағамен сатуға міндетті болған.
XS
SM
MD
LG