Accessibility links

Қырым татарлары жаңа билікке қосылады


Қырым татарлары Меджилисінің төрағасы Рефат Чубаров.

Қырым татарлары Меджилисінің төрағасы Рефат Чубаров.

Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - Меджилис аймақтың жаңа басшылығына қосылу туралы қарар қабылдады. Бірақ Қырым татарлары Ресейдің аймақты аннексиялап алғанын сол күйі мойындамайтынын ескертті.

Қарарда Ленур Ислямов вице-премьер, ал Заур Смирнов Қырымның депортацияланған азаматтары және ұлтаралық қатынастар ісі бойынша комитеттің төрағасы болатыны айтылады. Құжатта бұған қоса Меджилистің аймақта Қырым татарларының келісімінсіз болып жатқан "саяси, құқықтық, экономикалық және басқа да өзгерістерді" мойындамайтыны баса көрсетілген. Қарарда айтылғандай, екі аптадан кейін Меджилис үкіметпен ынтымақтастықты жалғастыру мәселесін қайта қарайды.

Қырым татарларының көпшілігі 16 наурызда өткен аймақтың Ресей құрамына қосылуы туралы референдумға бойкот жариялаған.
XS
SM
MD
LG