Accessibility links

Грекия ЕО-дан тағы қарыз алмақ


Грекия және Еуропа Одағының тулары. (Көрнекі сурет)
Грекия және Еуропа Одағының тулары. (Көрнекі сурет)
Грекия мамыр айының соңында Еуропа Одағынан (ЕО) қосымша 6.3 миллиард еуро қаржылай несие алатын болды.

Еуроны қолданатын 18 елдің қаржы министрлерінің қатысуымен сенйсенбіде Афинада өткен жиында Грекия бұдан бөлек маусым және шілде айларында тағы екі миллиард еуро ала алатынын, бірақ ол үшін реформалар нәтижелі болуы керегін мәлімдеді.

Грекия еуроаймақтағы ауыр және ұзаққа созылған қаржы дағдарысынан зардап шегіп, 2010 жылдан бері ЕО елдері мен Халықаралық валюта қорынан қаржылай несие алып келген. Мұның есесіне Грекия үкіметі елде бірқатар реформалар жасауға міндеттеме алған еді. Бірақ Афина "реформаларды баяу жүргізіп жатыр" деген сынға талай рет ұшырады.

Грекия келісілген 240 миллиард еуро несиенің 200 миллиардын әлдеқашан алып қойған.
XS
SM
MD
LG