Accessibility links

Чилиде күшті жер сілкінісі болды


Чилидің топографиялық картасы. (Көрнекі сурет)
Чилидің топографиялық картасы. (Көрнекі сурет)
Бүгін Чилидің Тынық мұхиты жағалауындағы аймағында магнитудасы 8 баллды құрайтын күшті жер сілкінісі болған. Зардап шеккендер мен үй-жай, ғимараттар қирағаны туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.

Чили билігі жер сілкінісінен кейін цунами тұруы мүмкін деген қауіппен жағалау аймақтарынан тұрғындарды көшіру басталғанын хабарлады.

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі Чилидің Икике қаласынан солтүстік-батысқа қарай 100 шақырымдай жерде болған. Өткен екі аптада да бұл аймақта бірнеше жерасты дүмпулері сезілген.

2010 жылы ақпанда Чили жағалауларында магнитудасы 8.8 баллдық жер сілкінісінен цунами тұрып, табиғи апаттан жүздеген адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG