Accessibility links

Санкция Астанадағы Ресей елшілігіне тиді


Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Александр Лукашевич.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Александр Лукашевич.
Бүгін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресим өкілі Александр Лукашевич америкалық JP Morgan Chase банкі Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ақша аударымын жасауына тыйым салуына байланысты АҚШ дипломаттарына қарсы "жауап шаралары жасалатынын" ескертті.

JP Morgan Chase банкі осы аптада Ресейдің Астанадағы елшілігінің "Согаз" сақтандыру компаниясына қаржы аударуына шектеу салған еді. Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін АҚШ санкциялар салған адамдар мен компаниялар тізіміне кірген ""Россия" банкімен "Согаз" компаниясының байланысы бар.

Лукашевич америкалық банк АҚШ үкіметіне "пайдасынан зияны көп тиетін" және "Ресейдегі АҚШ елшілігі мен консулдығының қызметіне әсер ететін" әрекетке барды дейді.
XS
SM
MD
LG