Accessibility links

Тимошенко: Сайлауға қатысамын


Украинаның бұрынғы премьер-министрі, президенттіке кандидат Юлия Тимошенко.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі, президенттіке кандидат Юлия Тимошенко.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко бүгін президент сайлауына үміткер болып қала беретінін және сайлаудан өз кандидатурасын алып тастау туралы өзге үміткерлермен мәмілеге келмейтінін мәлімдеді.

1 сәуірде "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Тимошенконы президенттіктен бас тартып, басты кандидат ретінде миллиардер Петр Порошенкоға қолдау көрсетуге шақырған еді.

Киевте баспасөз жиынын өткізген Тимошенко елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы ұсынысын тағы қайталады. Ол мерзімінен бұрын сайлау өткізу "парламент жұмысының мазмұнын әлдеқайда өзгерте түседі" деп санайды.

Президенттік сайлауға кандидат болып түсуден бас тартқан Виталий Кличко 31 наурызда немістің Bild басылымында жарияланған мақаласында "Тимошенконың Порошенкоға қолдау көрсеткені құптарлық жайт болар еді" деген.

Кличконың өзі Киев мэрі сайлауына түспек ниетте.
XS
SM
MD
LG