Accessibility links

"Төтенше жағдайдағы БАҚ үшін ереже" шықты


Баспасөз жиынында отырған журналистер. Алматы. (Көрнекі сурет)
Баспасөз жиынында отырған журналистер. Алматы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан үкіметі төтенше жағдай кезінде уақытша шектеулер мен қосымша шараларды қолданудың ережелерін бекітті деп хабарлады бүгін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Төтенше жағдай туралы" заңның 16-бабының 1-тармағы негізінде қабылданған ережеде "бұқаралық ақпарат құралдарын бақылау мақсатында" жергілікті жердің комендатурасы шектеулер енгізілген сәттен бастап бір тәулік ішінде БАҚ иелеріне басылымдар мен радио және телехабарлардың "бір нұсқасын міндетті түрде көрсету қажеттігі туралы сұрау жіберетіні" айтылған.

Басылымдар мен радио және телехабарлардың материалдары жергілікті комендатураның қарауына эфирге шығудан бір тәулік бұрын көрсетілуі тиіс, егер хабарларды жедел беру қажет болып, аталған талап орындалмайтын болған жағдайда эфирге шығардың алдында бір рет көрсетілуі керек.

Жаңа ереже бойынша, төтенше жағдай кезінде ақпарат құралдары жергілікті комендатураның келісімінсіз хабар таратса, онда комендант БАҚ иесіне хабар таратуды тоқтату туралы өкім бере алады.
XS
SM
MD
LG