Accessibility links

Lufthansa ұшқыштары үш күндік ереуілге шықты


Lufthansa компаниясының ұшақтары. Көрнекі сурет.
Lufthansa компаниясының ұшақтары. Көрнекі сурет.
Германияның ең ірі Lufthansa әуе компаниясының ұшқыштары 2 сәуірде үш күндік ереуілдерін бастады. Ұшқыштар компания басшылығынан жалақыны бес пайызға көбейтуді және бұған дейін қолданыста болған, 65 жаста зейнетке шыққан ұшқыштарды зейнетақымен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын қалпына келтіруді талап етіп отыр.

Ереуілдің кесірінен үш күнде төрт мыңға тарта рейс ұшпай қалайын деп тұр. Осыған байланысты 425 мыңға тарта жолаушы ұшу жоспарларын өзгертуге мәжбүр. Ереуіл 4 сәуірде аяқталмақ.

Ұшқыштардың ереуілінен келетін шығын шамамен 50 миллион еуроға бағаланып отыр.

Lufthansa компаниясында 4500-ге жуық ұшқыш жұмыс істейді.

2010 жылы ұшқыштардың бір күндік ереуілінде 2 мыңға жуық рейс ұшырылмай қалып, компания 48 миллион еуро көлемінде зиян шеккен.
XS
SM
MD
LG