Accessibility links

Премьер-министр Серік Ахметов отставкаға кетті


Серік Ахметов премьер-министр болып тағайындалған күні парламент жиынында отыр. Астана. 24 қыркүйек 2012 жыл.

Серік Ахметов премьер-министр болып тағайындалған күні парламент жиынында отыр. Астана. 24 қыркүйек 2012 жыл.

2 сәуірде Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов қызметтен кетті.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Серік Ахметов «президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзі өтініш жазғанын, оны қабыл алған және осы уақытқа дейін сенім білдіріп келген президентке алғысын айтқанын» үкімет отырысында мәлімдеген.

Қазақстан заңнамасы бойынша премьер-министр орнынан түскенде үкімет мүшелері толығымен қызметінен кетеді.

Қазақстан президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан тағайындалатын премьер-министрдің кандидатурасы туралы парламент мәжілісі фракцияларының жетекшілерімен кеңескен. Осыған қатысты сәуірдің 2-сінде парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні хабарланған.

Серік Ахметов Қазақстан үкіметін 2012 жылдың қыркүйек айынан бері басқарып келді. Одан бұрын Қарағанды облысының әкімі, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған.
XS
SM
MD
LG