Accessibility links

Палестина БҰҰ агенттіктеріне өтініш берді


Палестина жетекшісі Махмуд Аббас.

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас.

Палестина билігі БҰҰ-ның 15 халықаралық конвенциялары мен агенттіктерінің құрамына қосылуға өтініш берді. Палестинаның бұл қадамы АҚШ-тың араағайындық етуімен Израильмен жүргізіп жатқан бейбіт келіссөздерге кері әсер етуі ықтимал.

Палестина жетекшісі Махмуд Аббастың айтуынша, өтініш Израильдің палестиналық ондаған тұтқынды босату туралы міндеттемесін орындамағанына байланысты берілген. Әуелде Аббас биліктің халықаралық қауымдастықтың Палестинаны егеменді мемлекет ретінде мойындауы үшін жасалып жатқан шаралары Израильмен жүргізіп жатқан бейбіт келіссөздер кезінде тоқтатыла тұрады деп уәде берген еді. Палестина мен Израильдің соңғы тоғыз айдан бері жүргізіп келе жатқан бейбіт келіссөздері сәуірдің соңында аяқталуы тиіс болатын.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри осы аптада Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында Махмуд Аббаспен өткізуді жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырған.
XS
SM
MD
LG