Accessibility links

Ford Ресейдегі жұмыс орындарын қысқартпақ


Ленинград облысындағы Ford зауыты. (Көрнекі сурет)
Ленинград облысындағы Ford зауыты. (Көрнекі сурет)
Америкалық көлік құрастыратын Ford Motor компаниясы Ресеймен бірлескен кәсіпорында жұмыс істейтін мыңға тарта жұмысшыны көлік сатылымының азайып, рубль құнының түсіп кеткеніне байланысты қысқартатынын мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, Санкт-Петербургтегі Ford Sollers зауытының 700 жұмысшысы мен Татарстандағы уақытша жұмыс істеп жүрген 250 адам босатылады. Компанияның Ресеймен бірлескен кәсіпорнында жалпы 5 мыңға жуық адам жұмыс істейтін.

Ford Motor-дың дерегі бойынша, ақпан айында Ресейде көлік сатылымы 21 пайызға азайып кеткен. Компания жұмысшылардың қысқартылуы Ресейдің Қырымды аннексиялауымен ешқандай байланысы жоғын айтады.

2013 жылы Ресей экономикасының өсімі баяулауы салдарынан соңғы бірнеше жылда ұдайы артып келе жатқан автомобиль сатылымының көлемі күрт азайған.
XS
SM
MD
LG