Accessibility links

АҚШ-тың ұлттық ғарыш агенттігі (НАСА) Ресей мемлекеттік құрылымдарымен іскерлік байланыс орнатуға тыйым салынған америкалық мемлекеттік құрылымдардың тізіміне енггізілді.

НАСА-ның 2 сәуірде хабарлауынша, енді Ресей өкілдерінің НАСА нысандарына баруына, олармен делегациялар алмасуға, электронды пошта, телефон және видеобайланыс арқылы қарым-қатынас орнатуға тыйым салынады. Бірақ Ресеймен бірлесіп халықаралық орбиталық ғарыш станциясын басқаруға қатысты жұмыстар жалғаса бермек.

НАСА-ның Ресей ғарыш агенттігімен қарым-қатынасын үзуі негізінен символикалық ишара деп саналады. Себебі халықаралық ғарыш станциясын пайдалану АҚШ пен Ресей бірлесе атқарып жатқан елеулі жалғыз жоба саналады.

Бұдан бірнеше апта бұрын НАСА басшысы телеарнаға берген сұхбатында "Украина дағдарысы АҚШ пен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығына әсер еткен жоқ" деген еді.
XS
SM
MD
LG