Accessibility links

Чилиде тағы да жер сілкінді


Жер сілкінісінен кейінгі көрініс. Чили, 2 сәуір 2014 жыл.

Жер сілкінісінен кейінгі көрініс. Чили, 2 сәуір 2014 жыл.

Чилидің солтүстігіндегі мұхит жағалауындағы аймақтарда бүгін магнитудасы 7.8 баллды құрайтын жер сілкінісі тіркелді. Бұл кешеден бері осы аймақтағы екінші рет қайталанып отырған қатты жер сілкінісі.

2 сәуірде аймақта магнитудасы 8.2 баллдық жер сілкінісі салдарынан 6 адам қаза тапқан еді. Жер сілкінісінен соң цунами тұру қаупі туып, теңіз жағалауы аймағынан мыңдаған адам басқа жаққа көшіріле бастаған.

Чили президенті Мишель Бачалет елдің солтүстігіндегі Арика қаласындағы қонақүйден көшірілді. Президент бұл аймақта зілзаладан келген зардапты есептеу жұмыстарына көмектесіп жүрген.

Сәрсенбіде болған жер сілкінісінен 2600-ге жуық үй қирап, президент елдің солтүстігінде төтенше жағдай жариялаған.
XS
SM
MD
LG