Accessibility links

18 ел қару саудасы конвенциясын бекітті


Берлинде рейхстаг маңындағы тапанша ескерткіші. Авторы – швед мүсіншісі Карл Фредерик Рейтерсверд. (Көрнекі сурет).

Берлинде рейхстаг маңындағы тапанша ескерткіші. Авторы – швед мүсіншісі Карл Фредерик Рейтерсверд. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағының он жеті елі мен Эль Сальвадор әлемдік қару-жарақ саудасын реттейтін конвенцияны ратификациялады.

18 елдің елшілері 2 сәуірде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға БҰҰ Бас ассамблеясының қару саудасы келісімінің қабылданғанына бір жыл толуына орай өткен жиында келісімді ратификациялағаны туралы грамота тапсырды.

Осымен конвенцияны қабылдаған елдердің саны 31-ге жетті. Конвенция күшіне енуі үшін оны кемінде 50 мемлекет ратификациялауы қажет.

Қазіргі кезге дейін конвенцияны Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания, Болгария, Хорватия, Дания, Эстония, Финляндия, Венгрия, Ирландия, Латвия, Мальта, Румыния, Словакия және Словения мемлекеттері ратификациялаған.

Конвенция әлемдегі қару-жарақ саудасын реттейтін алғашқы халықаралық құжат саналады.
XS
SM
MD
LG