Accessibility links

Қазақстан билігінде кадрлық өзгеріс жасалды


Ақ орда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. (Көрнекі сурет)

Ақ орда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Нұрлан Нығматулинді президент әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Нұрлан Нығматулин бұған дейін парламенттің төменгі палатасы - мәжіліс спикері болған.

Президент әкімшілігінің бұған дейінгі басшысы Кәрім Мәсімовті 2 сәуірде Назарбаев отставкаға кеткен премьер-министр Серік Ахметовтің орнына тағайындаған.

Президент бұған қоса бүгінге дейін қорғаныс министрі болған Әділбек Жақсыбековті мемлекеттік хатшы етіп бекітті. Бұл қызметті бұған дейін президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Кәрім Мәсімов уақытша қоса атқарып келген.

Кеше үкімет жетекшісі қызметінен босаған Серік Ахметов бүгін президент жарлығымен қорғаныс министрі болып тағайындалды.
XS
SM
MD
LG