Accessibility links

"Ассанди-Таймс" сот шешіміне шағымданбақ


"Ассанди-таймс" газетінің бас редакторы Сергей Дуванов. Алматы, 13 наурыз 2013 жыл.
"Ассанди-таймс" газетінің бас редакторы Сергей Дуванов. Алматы, 13 наурыз 2013 жыл.
"Ассанди-Таймс" газеті соттың басылымды жабу туралы шешіміне шағымданады деп мәлімдеді 3 сәуірде Алматыда өткен баспасөз жиынында басылымның бас редакторы Сергей Дуванов.

2 сәуір күні редакция кеңсесіне барған сот орындаушылары журналистерге Медеу аудандық сотының газетті жабу туралы 1 сәуірдегі шешімін көрсетіп, кеңседен шығуларын талап етіп, есікке мөр басатындарын ескерткен. Сот шешімді прокуратураның газетті "экстремистік біртұтас бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)" ретінде тану туралы талабы негізінде шығарған.

"Ассанди-Таймс" өкілдері газетке қатысты сот өткенінен бейхабар екендерін айтады.

Қазақстанда 2000 жылдардың басында шыға бастаған тәуелсіз «Ассанди-Таймс» басылымы жабылып қалып, 2013 жылдан бастап жұмысын қайта жаңғыртқан. Газеттің тиражы - 7 мың 500 дана. Редакцияның онға жуық қызметкері бар.

2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың басында «K-плюс» телеарнасы мен «Республика» газеті бастаған 28 БАҚ сот шешімімен «экстремистік біртұтас БАҚ» ретінде танылып, барлығы жабылған еді. Өткен жылдың аяғында Қазақстан жоғарғы соты қызметіне тыйым салынған БАҚ өкілдерінің шағымын қанағаттандырмай тастаған.
XS
SM
MD
LG